Өмірбаян

Рахымжанов

Нұрлан Сағынтайұлы  Рахымжанов 1963 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 1986 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша, 2010 жылы Орал қаласындағы «Евразия» институтын мемлекеттік жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы «Чапаев» асыл тұқымды мал заводында жұмысшы болып бастаған.
1986-1990 жылдары осы заводтың механик – бақылаушысы.
1990-1993 жылдары «Чапаев» асыл тұқымды мал заводының инженері.
1993-1997 жылдары «Родник Новый» колхозының бас инженері.
1997-1998 жылдары «Ақ бұлақ» ЖШС- нің директоры.
1999 жылы «Сана» ЖШС директоры.
1999-2002 жылдары Шағатай ауылдық округінің әкімі.
2002-2008 жылдары Ақжайық ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы.
2008 жылдан Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары.
2013 жылдың 28 маусымынан Бөкей ордасы ауданының әкімі.